Алматыда халықаралық PR форум өтеді

470
Алматыда халықаралық PR форум өтеді
Асель Караулова PR-форумды ашып тұр. Маусым 2014 жыл

АЛМАТЫ. 17 мамыр. 7kun.kz — 18-19 мамыр күндері Алматыда PG communications агенттігі, PR-шы клубының ұйымдастыруымен XIII Халықаралық PR-форум өтеді. Бұл туралы Қазақстандық баспасөз клубы хабарлады.

«Сынаққа толы PR жылы» тақырыбымен өтетін форумға белгілі PR мамандары, медиа саласының өкілдері қатысады.

Қоғаммен байланыс саласы мамандары үшін айтулы бас қосуда 2016 жылы сәтсіздікке ұшыраған PR жобалар, саладағы жергілікті және халықаралық трендтер, желідегі дағдарысқа қарсы күрес, компания ішіндегі коммуникациялар, жаңалықтарға қалай шығуға болады, мәдени коммуникациялар, тұлғалардың имиджін жасау, үкіметпен байланыс тақырыптары талқыланады. Сондай-ақ вирустық контент жасау, табысты пиаршы болу бойынша шеберлік сағаттары өткізіліп, «Ақ мерген» конкурсының жеңімпаздары ұсынған кейстер ұсынылады.

Бұдан бөлек корпоративтік БАҚ арасындағы Х Орталық азиялық конкурс жеңімпаздары марапатталады.

III Халықаралық PR-форум Chevron компаниясының бас демеушілігімен, Kcell компаниясының демеушілігімен, Эйр Астана компаниясының қолдауымен өткізіледі.

Дінмұхаммед Алдаберген