Алматыда инклюзивті IT-хакатон өтті

хакатон

Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – 2019 жылдың 13-14 наурызында ерекше қажеттіліктері бар жас IT-мамандар үшін кезекті инклюзивтік хакатон өтті.

2019 жылдың 13-14 наурызында ерекше қажеттіліктері бар жас IT-мамандар үшін кезекті инклюзивтік хакатон өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Орталық Азия Еуразия Қорының қолдауымен «Ерекше таңдау-Шелек» корпоративтік қоры, «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен және «Шеврон» компаниясы ұйымдастырды.

Хакатонның негізгі мақсаты – инклюзивті командада мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік мәселелерін IT технологиялар арқылы шешудің жаңа және бірегей жолдарын әзірлеу, мүгедектігі бар және мүгедектігі жоқ адамдардың білімі мен сараптамасын шоғырландыру.

Хакатонға ЖОО мен колледждердің 50-ден астам студенті, сондай-ақ барлық деңгейдегі маркетологтар, дизайнерлер мен менеджерлер, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар 20 қатысушы қатысты.

Келесі хакатон 2019 жылы 20 наурызда Шымкент қаласында өтеді.

5 хакатон және жалпы республикалық байқаудың нәтижелері бойынша елдің барлық түкпірлерінен 16 үздік команда 2019 ж.2-6 сәуір аралығында Тау Тұран білім беру-сауықтыру кешенінде өтетін Алматы қаласындағы ІТ лагеріне қатыса алады, ІТ саласында оқу курсынан өтіп, жобаны дамытуға грант алады (гранттардың жалпы сомасы 2 000 000 теңгені құрайды).