Алматыда көше атауларын өзгертудің екінші толқыны басталады

көше

Алматы. 22 маусым. 7kun.kz — Алматы қаласының он үлкен көшесінің атауын келесі жылы өзгертуі мүмкін. Ономастикалық комиссия қалалық даңғыл, саябақтардың аттарын зерттеуге кірісіп кетті. Жүздеген көшенің атаулары қайталанатыны белгілі болып отыр деп хабарлайды Kazpravda.kz.

Қазақтың атақты жазушысы Мұхтар Әуезовтың атында жеті көше, шамамен сонша көшенің аты ақын Жамбыл Жабаевтың атында екендігін анықталды. Бірақ, ең көп қойылған атаулардың ішінде ұлы ақын Абай Құнанбаев болып шықты. Ресми түрде ол атаумен бір даңғыл мен төрт желекжол аталған. Бірақ, көбі Алматы облысындағы ауылдарды ұмытып кетеді. Ол жерлерде де кем дегенде Абай атындағы бір көше бар.

«Бізде 27 ауыл бар, енді оған қоса 5 ресми көше бар Абай атында. Жалпы саны 32 болады″, — дейді Алматы қаласының тілдерді дамыту, мұрағат және құжатнама басқармасы бөлімінің басшысы Өтепберген Қалыбай.

Мұндай қайталанулар бірінші кезекте шұғыл елеу қызметтеріне ыңғайсыздық туындатады. Жедел жәрдем қызметкерлері мекен жайдан шатасады. Бұл жағдайды ретке келтіру үшін көшелердің атауын өзгерту керек. Ал, әзірге муниципалдық комиссия қайталанған атауы бар көшелер мен атаусыз көшелерді тізіп шығумен айналыспақ. Мамандардың айтуынша, қалада 99 «атауы жоқ» көше бар, соған шамалас «аттас-көшелер» бар. Ал, 50 шақты көшенің атауы ескірген.

«Егер бұл жақта 450 көше болса, оның 80 пайызы қайталанады, ал қалғандарының тіпті атаулары жоқ. Мораторий аяқталысымен Наурызбай ауданының көшелерімен айналысамыз. Атауы жоқ көшелерге атау береміз. Ескірген атауларды да ретке келтіру керек. Мәселен, Вишневая, Грушевая, Кирпичная, Заводская және т.б», — дейді Өтепберген Қалыбай.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай хандардың атымен ең ірі 10 көше аталмақ. Бұл келесі жылға жоспарланып отыр. Алматыда тек бір көше ғана Абылай ханның атында екен. Яғни, Абылай хан даңғылы. Айта кететін бір жәйт, Алматылықтар даңғылдар мен желекжолдардың атауын бірге өзгерте алады. Ол үшін интернетте атаулардың мүмкін болатын тізімдері жасалады. Ол жерге қалаған адам өз нұсқасын ұсынып, дауыс бере алады.

«Біз тізімдерді қарап шықтық. Ішінде географиялық атаулар, белгілі кітап кейіпкерлері тіпті Арман, Мұрат атты атаулар да ұсынылған. Яғни, нұсқаларын ұсыну мүмкіндігі қаншалықты тиімді боларын уақыт көрсетеді», — дейді филология ғылымдарының докторы Қыздархан Рысберген.

Сонымен қатар, көптеген көше атаулары қазақстанға еңбегі сіңген тұлғаларға беріледі. Көше атауы берілу кезегінде Роза Бағланова, Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигелдинов атындағы көшелер тұр. Ал, Батырхан Шүкеновтің атына көше беру мәселесі кем дегенде 5 жылдан соң қаралады.