Алматыда кепілдегі пәтерлерді сатқан әйел ұсталды

60
банк
Фото: sudak.me

Алматы. 30 сәуір. 7kun.kz — Алматы полициясы кепілде тұрған тұрғын үй сатып алуды ұсынған әйелді тұтқындады. Қазіргі таңда күдіктінің қатысқан үш эпизод дәлелденді, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

«Күдікті 1968 жылы туған, бұрын сотталған, таныстары арқылы қала аумағында тұрғын үй сатып алуға уәде берген. Пәтерлерді нарықтық бағадан төмен бағалаған қаскүнем банктің кепіл мүлкін тез сату мақсатында осындай бағаны қоятынын айтқан. Ол өзінің «қызметтерін» таныстарының арасында сарафан радиосы әдісімен таратқан», — деп атап өтті Әуезов ауданы ІІБ бастығы полиция полковнигі Әлішер Тұрсынбетов.

Оның айтуынша, күдікті «клиенттеріне» көрсеткен тұрғын үй шынымен кепілде тұр. Оның тұрғын үй мен жылжымайтын мүліктің ақпараттық базасына қалай қолжеткізгені тергеуде анықталады. Болжамға сәйкес, күдіктінің көмекшісі болған.