Алматыда Орталық Азия форумы өтеді

Алматыда Орталық Азия форумы өтеді........................

Алматы. 17 тамыз. 7kun.kz — 2016 жылдың 7-8 қыркүйек күндері Алматы қаласындағы «Rixos» қонақ үйінде «Экспорттық әлеует және сауданы дамыту: жаңа міндеттер және Орталық Азиядағы сауда келешегі» тақырыбына арналған алтыншы Орталық Азия сауда форумы өтеді.

Сауда форумының бағдарламасында пленарлық сессияларды, шеберлік сабақтарын, дөңгелек үстелдер мен сауда көрмесін, іскерлік кездесулерді, Орталық Азия этно-дизайнерлерінің сән топтамаларының көрсетілімін және де үздік экспортшыларды марапаттау салтанатын өткізу қамтылған.

9 қыркүйек күні сауда форумының қатысушылары Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас» халықаралық шекара маңындағы ынтымақтастық орталығына баратын болады, сондай-ақ, онда «Қорғас» орталығы басшылығының қатысуымен Транзиттік және көліктік әлеует жөніндегі конфереция, Қытайдың B2B саласындағы кәсіпкерлерімен іскерлік кездесулер өткізіліп, «Қорғастың» техникалық инфрақұрылымы, қойма жайлары, мұздатқыш терминалдарының әлеуеті көрсетілетін болады.

Биыл сауда форумы аясында Орталық Азия, Оңтүстік Азия және Шығыс Еуропа елдерінен 400-ден аса адам бас қосады деп күтілуде.