Алматыда Төле би мен Шығыс айналма жолы арасындағы көлік жолы ашылды

көлік жолы

Алматы. 8 шілде. 7kun.kz — Алматы қаласында Төле би мен Шығыс айналма жолы арасындағы көлік жолы ашылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төле би көшесі мен ШЫғыс айналма жолы арқылы Ғ. Орманов көшесіне эстакада Ж.Жабаев көшесіне 110 метр қашықтықта өтпе жолы салынды. Жобаны қыркүйек айында толық аяқтап, коммуналдық жеке меншікке беру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, 7,8 шақырымды құрайтын Шығыс айналма жолы 2011 жылы іске қосылған болатын. Ал Төле би көшесіне жалғасқан жаңа айналма жол арқылы 60 мыңға жуық көлік негізгі көшелерге қосыла алады.

Аталған жол торабының ашылуы Саяхат автобекеті маңындағы және Райымбек даңғылы, Сүйінбай, Фурманов, Пушкин, Жангелдин көшелеріндегі көлік қозғалысын төрт есе жеңілдетеді.