Алматы. 5 сәуір. 7kun.kz – Алматы қаласының әкімдігі Алматы агломерациясының таулы аудандарын дамыту үшін 1 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр.
Тұрғындар алдындағы жыл сайынғы есептік кездесуі барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек бүгінгі таңда австриялық және француз сарапшыларымен бірлесе отырып, Алматы агломерациясының таулы орындарының шебер-жоспары жасалғанын айтты.
«Шебер-жоспарды жүзеге асыру 1 млрд доллар жеке инвестиция тартуға, 200 шақырым шаңғы трассасын және тікелей нысандарда 30 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, сондай — ақ аралас салаларда 45 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», — деді қала басшысы.
Сондай-ақ, әкім туризмді дамыту үшін жүйелі негіз құралатынын хабарлады. Оның айтуынша, бұл жоғары біліктілікті талап етпейтін қызметкерлер үшін валюталық түсімнің және жұмысқа орналасудың көзі болмақ.
«Әлемде туризм әрбір оныншы жұмыс орнын, әлемдік ЖІӨ-нің 10%-дан астамы мен экспорттық табыстың 6,5%-ын құрайды», — деді Бауыржан Байбек.
Қала басшысынің сөзінше, Алматыда 2025 жылға қарай жалпы өңірлік өнімдегі туризм және онымен байланысты қызметтердің үлесін 6% -ға жеткізу жоспарлануда.