Алматыда Tesla сервисі ашылады

Алматыда
Фото: mashable.com

Алматы. 17 шілде. 7kun.kz – Tesla Motors сайтының ақпаратына сәйкес, Қазақстанның ірі қаласында жақын арада Tesla сервисі ашылады.

Бұған дейін компанияның негізін қалаушы Илон Маск Қазақстанда электромобильдерді зарядтау станциялары ағымдағы жылы ашылатынын мәлімдеді.

Абай-Байтұрсынов көшелерінің қиылысында Supercharger зарядтау станциясы да пайда болуы мүмкін.

Tesla мәлімдемесіне сәйкес, Supercharger V3 жаңа станциялары 250 кВт-қа дейін жоғары қуатпен қамтамасыз ете алады. Осының арқасында бес минут ішінде электромобильдің жүру қорын 120 километрге арттыруға болады, деп хабарлайды The Verge.