БизнесЖаңалықтарТаңдаулы1

Алматыда XVI Азиялық Сапа Конгресі өтіп жатыр

Іс-шара аясында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Азиялық сапа желісі Ынтымақтастық және бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойды.

Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz – Алматыда XVI Азиялық Сапа Конгресі өтіп жатыр. Іс-шара аясында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Азиялық сапа желісі  — AsianNetworkforQuality (ANQ) арасында Ынтымақтастық және бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды КҰП баспасөз қызметі.

Құжатқа сәйкес, ANQ Азиялық сапа желісі «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қазақстандық кәсіпкерлер үшін менеджмент жүйесі саласындағы соңғы жетістіктерді енгізу мақсатында көмек көрсетуге, бизнесмендерді халықаралық шеберлік сабақтар, конференциялар мен форумдарға қатысуға шақыруға,  экспорттық әлеуетті арттыру үшін түрлі шет мемлекеттердің кәсіпорындарымен және ұйымдарымен сапа менеджменті саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға міндеттенеді.

Іс-шараға Азия, АҚШ, Еуроодақтың 20 мемлекетінен 200-ден астам өкіл қатысып жатыр.

Tags

Осы айдарда

Close