Алматыдағы банктердің біріне шабуыл жасалды

446

Алматы. 25 қазан. 7kun.kz — Алматыда «Дабыл» операциясы қосылды: полиция 25 қазанда Алмалы ауданындағы «Центркредит» банк бөлімшесінің күзетшісіне шабуыл жасап, қаруын тартып алған екі күдіктіні іздестіріп жатыр.

«Бүгін, 25.10.2016 жылы, сағат 8.10-да Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығына «Центркредит» банк бөлімшесіне екі күдіктінің шабуыл жасап, күзетшінің қаруын тартып алғаны туралы хабар жетті. Қазір қалада «Дабыл» арнаулы операциясы іске қосылды. Күдіктілерді іздеу мен қылмыскерлерді құрықтау шаралары жүргізіліп жатыр», — дейді ішкі істер департаменті.