Алматыдағы «Достық» спорт кешені сатылады

Алматыдағы
Фото: radiotochka.kz

Алматы. 17 тамыз. 7kun.kz — Алматы қаласының Абай даңғылында орналасқан  «Достық» спорт кешені сатылымға қойылды. Кешен Қазкоммерцбанктің кепілдігінде тұр, деп хабарлайды Kapital.kz.

Спорт кешені 1983 жылы салынған, 4 ғимарат және алты теннис корты бар. Нысанның жалпы аумағы 7 274 шаршы метрді құрайды. Қазкоммерцбанк «Достық» спорт кешенін шамамен 2,02 млрд теңгеге сатуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, банк нысанды 2014 жылдың қазан айында да сатылымға қойған . Ол кезде кешенннің бағасы қазіргі бағадан төмен болған. Яғни 10 млн долларға сату (1,8 млрд теңге) жоспарланған. Алайда Қазкомның call-орталығынан түсіндіргендей, кешенді сату уақытша тоқтатылған. Енді қайта сатылымға қойылып отыр.

Банк өкілдерінің сөзінше, 2,02 млрд теңге нақты баға емес. «Сауда төлем схемасына байланысты болады. Егер банк нысанды сатып алуға несие беретін болса 2,02 млрд теңге соңғы баға. Ал нысанды сатып алатын тұлға 100 пайыз төлем жасайтын болса немесе бөліп төлесе баға біраз төмендеуі мүмкін», — деп атап өтті қаржы институтының өкілдері.