Алматыдағы пәтер бағасы өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға төмендеді

655

Мамыр айында ҚазРиэлт порталының базасына енгізілген және Алматыда көрсетілген пәтерлер құны шаршы метріне 322 845 теңгені құрады. Бұл бір ай бұрынғы бағадан 3,55 және қаңтар айынғыдан 8,31% аз. 2014 жылдың мамырымен салыстырғанда пәтерлер құны 10,34% төмендеген деп хабарлайды  krn.kz.

Салыстыру үшін, порталдың базасына енгізілген және Алматы жылжымайтын мүлігінің екінші қайтара нарығындағы пәтерлер құны шаршы метріне 321 755 теңгені құрайды. Бұл бір ай бұрынғымен салыстырғанда 2,99% және жыл басындағы бағамен салыстырғанда 7,93% арзан. 2014 жылдың мамырымен салыстырғанда пәтерлер құны 9,82%-ға төмендеген.

Ал жеке сектордағы үйлер құны портал базасында 40 268 850 теңге деп көрсетілген. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткіштен 10,3%, 2015 жылдың қаңтарындағы көрсеткіштен 17,38% аз. Өткен жылмен салыстырғанда жеке үйлердің бағасы 26,72%-ға түскен.

Салыстыру үшін, ҚазРиэлт бағасына енгізілген және Алматыда жалға берілген екі бөлмелі пәтердің орташа бағасы айына 104 596 теңгені құрады. Бір ай бұрынғы көрсеткіштен 13,29%, 2015 жылдың қаңтарындағы көрсеткіштен 6,57% төмен. 2014 жылдың мамыр айымен салыстырғанда пәтерлердің орташа бағасы 15,63%-ға азайған.

ҚазРиэлт порталында барлығы 357 пәтер тізімі көрсетілген. Олардың ішінде 310 обьект екінші қайтара нарықта сатылған. Алматыда көрсетілген жеке үйлер саны — 86. Осыдан бөлек сайтта 101 екі бөлмелі пәтерлердің мәліметі тіркелген.