Алматыдағы жұмыссыздық көлемі 5,3 пайызды құрайды

764
жұмыссыздық
Фото: today.kz

Алматы. 25 шілде. 7kun.kz — 2016 жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздар саны 46,7 мың адамға жетті. Алматыдағы экономикалық белсенді халыққа қатысты жұмыссыздық үлесі 5,3%-ды құрады. Бұл туралы Статистика департаментінен хабарлады. 

«Жұмыспен қамту органдарында тіркелген тұлғалар саны 2016 жылдың маусымының соңында 2288 адамды немесе 0,3%-ды құрады. Орташа айлық номиналды жалақы 168 724 теңге, І тоқсандағы есеп бойынша 10,9%-ға өскен. Осы жылдың І тоқсанындағы шынайы жалақы индексі 95,5% болды», — делінген статистика мәліметтері.

2016 жылдың маусымында тұтыну бағаларының индексі 2015 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 104,1%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 4,7%-ға, тұтынушылық емес тауарлар бағасы 7%, ал ақылы қызмет құны 0,5%-ға өскен.

Аймақтық өнімнің жалпы көлемі 2016 жылдың бірінші тоқсанында 1935,7 млрд теңге болды. 2015 жылмен салыстырғанда шынайы аймақтық өнімнің жалпы көлемі 3,6%-ға көбейді.