Алматыдағы шағын аудандардың мәселелері шешілу керек

Алматыдағы «Нұркент», «Премьера» және «Елімай» шағын аудандарындағы мәселелер 1 желтоқсанға дейін шешімін табу керек. Мұндай бастама «НұрОтан» қалалық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің  отырысында қабылданды деп хабарлайды total.kz. 

Мәслихат депутаты Әміржан Нәбиевтың сөзінше, «Нұркент» шағын ауданының тұрғындарынан арыз көп түсіп жатыр.

«Ешқандай мекеп, қоғамдық көлік жолы жоқ, лифтілер жиі жұмыс істемейді. Қоқыс багын орналастыратын жер анықталмаған. Алаңның әл-ауқаты мен құрылыс компаниясының жұмысы тым сапасыз», — деді Әміржан Нәбиев.

«Премьера» тұғын үй кешенінде арлап шығу барысында ыстық судың болмауы, пәтер санына байланысты көлік тұрағының жетіспеушілігі және тұрғын үйлерде  жарықшақтардың пайда болуы сияқты кемшіліктер байқалды.

«Елімай» тұрғын жайында ыстық, суық су және газдың болмауы, су құбыры салынып болғанмен пайдалануға берілмеуі, үйлердің құрылыс жұмысының толық аяқталмауы сияқты жетіспеушіліктер болды.