Алматыда жаңа жылға дейін 5 кәсіпорын іске қосылады

69
зауыт
Фото: dribbble.com

Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz — 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Алматыда шамамен 66 миллиард теңгеге бес жаңа зауыт іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы мегаполистің индустриялық аймағында хабарлады.

«2019 жылдың 28 желтоқсанында 65,8 млрд теңгеге бес жобаны техникалық іске қосу жоспарланып отыр. 1,3 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылады», — деді компанияда.

Атап айтқанда, 33 млрд теңгеге үлкен диаметрлі дәнекерленген құбырлар өндірісін іске қосу күтіліп отыр. Жобаның қуаттылығы жылына 100 мың тонна құбыр құрайды. Сондай-ақ, 304 жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ, ет өнімдері мен жартылай фабрикаттар (3,6 млрд теңге), медициналық мақсаттағы бұйымдар (443 млн теңге) өндіретін зауыттар іске қосылады. Бұдан басқа, энергия тиімді сәулеттік қасбеттерін шығару жолға қойылады (3,7 млрд теңге).

Сонымен қатар, 25 млрд теңгеге автокөліктер өндірісі іске қосылады деп күтіледі. Кәсіпорынның қуаты бірінші кезеңде жылына 30 мың автокөлікті құрайды, екінші кезеңде 45 мыңға дейін артады.

2019 жылдың басынан бері құны 1,6 миллиард теңгенің үш кәсіпорны іске қосылды.

Айта кетейік, 2019 жылдың шілде айында 382,3 млн теңгеге скотч пен стрейч-пленка шығаратын зауыт іске қосылды. Қараша айында полимерлік бұйымдар (421,5 млн теңге) және жылу-сумен жабдықтау жабдықтары (800 млн теңге) өндірісі бойынша жобалар іске қосылды. Осы кәсіпорындардың іске қосылуы есебінен 164 жұмыс орны ашылды.