Алматыда жас мамандарды қызметке қабылдауға қатысты еңбек жәрмеңкесі өтті

жас

Алматы. 23 қыркүйек. 7kun.kz — Алматы қаласында жас мамандарды қызметке қабылдануына мүмкіндік беретін «Мүмкіндіктер жәрмеңкесі» деп аталатын іс-шара өтті.

130 мыңнан астам студенті бар мегаполисте қызметке қабылдай алатын жұмыс орындары да болуға тиіс.Алайда оқу бітірген талай білікті де білімді жастың қолында дипломы бола тұра, қаражат табар жұмысы болмай жататыны жасырын емес. Ал мұндай мәселелер бойынша жастарға жастар ұйымы көмекетеседі.

Осылайша Алматыда алғаш рет ірі деген түрлі саладағы 60-тан аса компаниялардың қатысуымен жұмыс өтілінсіз(стажсыз) жас мамандарды қызметке қабылдау бойынша еңбек жәрмеңкесі өтті. 500 жас маман мен студент қатысқан іс-шарада ірі компаниялардың әрқайсысы өз қатарларын жас маманмен толықтырып қайтты. Осылайша еңбек жәрмеңкесі біраз жасты қызметкер атандырды, мансабына баспалдақ болып, бақытына жол ашты. Жас маман мен компаниялар арасында ашық диалог орнап, өзара таныстық қалыптасты.

«Мүмкіндіктер жәрмеңкесі» деп аталатын іс-шараны Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Жастар Үні» Жастар Қоғамдық Бірлестігі ұйымдастырғанын да тілге тиек ету қажет. Еңбек жәрмеңкесінің басты ұраны ретінде: «Әр мүмкіндіктің астарында ең үлкен бақыттың бастамасы жатуы мүмкін» деген даналық тектен тек таңдалып алынбады.

«Жастар Үні» ЖҚБ дәл осы ұран арқылы бұл шараға жастарды мейлінше көп қатысуға үндеуді мақсат тұтқан еді. Мақсат орындалды. Жәрмеңке тек қана қызметке алу барысымен шектеліп қойған жоқ. Өз саласының көшбасшылары тарапынан шеберлік дәрістері оқылды. Бағалы сыйлықтар ойнатылып, «Алматының ең үздік студенті-2016» байқауының жеңімпаздары марапатталды.