Алматыда жолаушылар автобусы жанып кетті

68
жолаушылар
Фото: m.2gis.kz

Алматы. 24 қазан. 7kun.kz — Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында 32-ші бағыттағы жолаушылар автобусы жанып кетті.

Өрт туралы таңғы сағат 6:45-те хабарланған, бірнеше минуттан кейін өрт сөндірушілер оқиға орнына келген.

«Әл-Фараби мен Ходжанов қиылысында жолаушылар автобусы жанып кетті. Онда жолаушылар болған жоқ, ешкім зардап шеккен жоқ»,-делінген қалалық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өрттің жалпы аумағы 25 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 7:04-де сөндірілді. Оны сөндіруге 11 адам мен бір техника жұмылдырылды.