Алматыда жыл соңына дейін 7 зауыт салынады

Алматы
Фото: investinalmaty.com

Алматы. 6 наурыз. 7kun.kz — 2017 жылы Алматының индустриалды аймағында толығымен және жартылай 7 жаңа өндіріс орны құрылады. Бұл туралы өндірістік аймақтың директоры Әділ Бөрлібаев мәлімдеді деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. 

Жаңа жобалардың арасында қағаз ыдыстар өндірісі, май өңдеу және қазақстандық-қытайлық мұнай құбырын шығару бойынша кәсіпорындар бар.

Жаңа объектілер салу үшін Алматының индустриалды аймағындағы жер шаршы метріне 42 теңгеден жалға беріледі.

«Қытайлық CNPC компаниясы үшін құбыр шығаратын қазақстандық-қытайлық зауыт Алматыны орналасу жағынан ыңғайлы болғандықтан таңдап алды. Бұл жерден тауарды батыс пен шығысқа да тасымалдауға болады. Индустриалды аймақтағы кәсіпорындар қазақстандық нарық үшін де ыңғайлы», — деді Әділ Бөрлібаев.

Оның атап өтуінше, арнайы аймаққа электр жарығы, су, газ тәрізді инфрақұрылым мен коммуникация жүргізіледі. Қазір электр желілерін салу үшін жолдар мен кабельді арналардың құрылысы жүріп жатыр.