Алматыдағы көшелерді қалпына келтіруге 4 млрд теңге бөлінеді

23
қалпына
Фото: Vlast.kz

Алматы. 5 сәуір. 7kun.kz – Биыл Алматыда екі көше мен бір даңғыл қалпына келтіріледі, оған 4 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлімдеді.

Жібек жолы (550 м) және Байсейітова (500 м) көшелерін жөндеуге – 1,88 млрд теңге, ал Достық даңғылы бойынша Қазыбек би көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін (1,35 км) – 2,2 млрд теңге бөлінеді.

Жөндеу жұмыстары алты айға созылады. Жібек жолы көшесі бойымен Желтоқсан көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін абаттандыру жұмыстарын 2019 жылдың сәуір айында бастау жоспарланған.

«Жұмыс барысында Сейфуллин даңғылы, Наурызбай батыр және Желтоқсан көшелері ашық болады. Жібек Жолы көшесін кесіп өтетін, оған іретін аула ішіндегі учаскелер болып табылатын негізгі жолдар жабық болады. Сондай-ақ, жөндеу жұмыстары кезінде арнайы қоршау орнату арқылы жаяу жүргіншілердің кедергісіз өтуіне жағдай жасалады. Алдын ала жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша уәкілетті органдармен келісілген Жол қозғалысын ұйымдастыру схемасы жасалады», — деді әкімдікте.

Достық даңғылына келетін болсақ, қазір Абай даңғылынан Құрманғазы көшесіне дейінгі жол жөнделді. Қазыбек биге көшесінде жөндеу жұмыстары басталды.

«Ең алдымен, шығыс жағын жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Бірінші кезең аяқталғаннан кейін қарама-қарсы жағында жөндеу жұмыстары басталады. Қоғамдық көлік аялдамалары жолаушыларды кедергісіз отырғызу және түсіру үшін тұрақ қалталарымен қамтамасыз етіледі», — деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2018 жылы Алматы қаласын қалпына келтіруге 18 млрд теңге бөлу жоспарланған.