Алматыдағы марафонға 53 елдің азаматтары қатысады

20
53

Алматы. 5 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылы 21 сәуірде Алматыда Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру жарысы — «Алматы марафоны — 2019» өтеді. Оған қазақстандықтардан бөлек тағы 53 елдің азаматтары қатысады. Бұл туралы жарысты ұйымдастырушы «Бірінші болу батылдық» Корпоративтік қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Жарысқа барлығы 17 мың спортшы қатысады, оның 10%-ын шетелдік желаяқтар құрайды. Олардың қатарында Қырғызстан, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Украина, Ұлыбритания, Үндістан, АҚШ және басқа да елдердің марафоншылары бар.

Сондай-ақ, Ташкент пен Бішкек қалаларында аймақтық амбассадорлар таңдалып алынды. Әрбір амбассадор өзімен бірге жарысқа 40 адамға дейін әкеле алады.

«Алматы марафонына» қатысушылар келесі арақашықтықтарда бақ сынайды: 42 км; 21 км; 10 км (жүгіру және Скандинавиялық жүру); 3 км (10-14 жас) және Экиден эстафетасы (42 км 195 м 6 қатысушы үшін 6 қысқа қашықтыққа бөлінген).

Айта кетейік, мамыр айында қатысушылардың бастапқы жарнасынан алынған қаражаттың бір бөлігіне «Алматы марафоны — 2019» қайырымдылық мақсаттарымен таңдалған үш балалар мекемесіндегі спорт алаңдарының құрылысы басталады.

«Алматы марафоны» Алматы қаласы әкімдігінің және басқа серіктестердің ұйымдастырушылық және қаржылық қолдауымен өтеді. Биылғы жылы сегізінші рет ұйымдастырылатын жүгіру жарысының серіктестері — Kaspi.kz, Sulpak. Ал жарыстың ұйымдастырушылары — «Бірінші болу батылдық» Корпоративтік қоры, World Class Almaty фитнес-клубы және академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.