Алматылық инноваторлар бизнес идеясын жүзеге асыруға 100 млн теңге кредит ала алады

кредит
Фото: Kirovnet.ru

Алматы. 18 қараша. 7kun.kz — Алматылық кәсіпкерлер «Алматы Инновация» өңірлік бағдарламасы аясында 100 мың теңге көлемінде кредит ала алады. Бағдарлама Алматы қаласының әкімдігі мен «Даму» қоры арқылы жүзеге асырылып отыр. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бағдарламаның шарты бойынша берілген қаражат инновация саласындағы бизнес идеяларға және айналымдағы қаржыны толтыруға жұмсалуы мүмкін. Сондай-ақ, бөлінген қаржының төрттен бір бөлігі стартап жобаларды қаржыландыруға бағытталады.

«Алматы-2020» инновациялық даму бағдарламасы аясында қалада инноваторларды қаржылый қолдау ісі күшейтілген. Осы жылы «Бизнестің жол картасы-2020» мен «Инновация» бағыты бойынша қолдау тапқан жобалар саны мен бюджет 3 есеге артты. 31 кәсіпкер жалпы сомасы 84 млн теңгені құрайтын инновациялық гранттарға ие болды», — деді кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ғанибет Әубәкіров.

Ал «Даму» қорының бас менеджері Зарина Карменованың сөзінше, кәсіпкерлер жобалары инновавациялық қызмет критерийлеріне сәйкес келген жағдайда кредит ала алады (компьютер өндірісі, электронды өнім және ғылыми зерттеулер).

Айта кетейік, кәсіпкер кредитті алу үшін  банктен жобаны қаржыландыруға рұқсат алу керек. ОСыдан кейін банк рұқсат берілген жобалар тізімін әкімдікке жібереді. Егер шешім қабылданса кәсіпкер келісімге қол қояды.