Алматылық компания кәсіпкерлерге қажетті құжаттардың  тізімін азайтты

құжат
Фото: almaty.tv

Алматы. 1 қараша.7 kun.kz –  Енді кәсіпкерлер «АЖК» АҚ қызметін пайдалану кезінде құжат жинауға көп уақыт жұмсамайтын болды.  Бұл туралы  Алматы қалалық  кәсіпкерлік  және индустриалдық-инновациялық  даму  басқармасы  хабарлады.

Осы мақсатта кәсіпорын  электрондық  басқару  жүйесін  орнатып, Алматы  қаласының  кәсіпкерлеріне  қызмет  көрсету  орталығында  тұтынушыларға  аптасына  екі  рет  кезекпен  кеңес  жүргізеді.

Кәсіпорын  интернет-портал  арқылы  қызмет  көрсетуді  және  www.azhk.kz сайтында  электрондық  цифрлық  қолтаңба  енгізуді  жоспарлап  отыр.

Әйгерім ӘБІЛЕЗ  «7»