Алматылық полицейлер бейнетіркеуішті пайдалану ережесін 6000 рет бұзған

15
Фото: tengrinews.kz

Алматы. 15 сәуір. 7kun.kz – 2018 жылы Алматы қаласының жол-патрульдік полициясы мобильдік бейнетіркеуіштерді пайдалану ережелерін алты мың рет бұзған. Камераны ажырату, қызмет атқару кезіндегі жазба, дыбысты өшіру секілді фактілер анықталды, деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінде.

Қазіргі таңда Алматыдағы жол-патрульдік полиция полкінің және мамандандырылған батальонның барлық қызметкерлері 1 423 бейнетіркегішпен жабдықталған. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің бейнетіркегіштерді қолдануын бақылау үшін тексерушілердің бес тобы құрылды.

«Әрбір анықталған тәртіп бұзушылық бойынша қызметтік тексерулер жүргізіледі, шаралар қабылданады… Өрескел бұзушылықтар үшін 592 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды », — деді Алматы полиция басқармасының бастығы Серік Кудебаев.

Оның айтуынша, полицияның кешенді күштерінің экипаждары мен учаскелік инспекторлардың қызмет атқаруына күнделікті бақылау жасау және ауытқушылыққа жол бермеу мақсатында Департаментте «Автонавигатор» автоматтандырылған жүйесі енгізілді.

Полицияда бейнетіркегіштің бар болуы құқық бұзушылықтың немесе полиция қызметкерінің заңсыз іс-әрекеттерінің дәлелі болып табылатынын атап өтті.