Алматылықтарға артық төленген жылу ақысы кері қайтарылады

тариф
Фото: google.com


Алматы. 20 сәуір. 7kun.kz — «Алматы жылу жүйесі» мекемесі тұтынушыларға 50 млн теңгедей ақшаны кері қайтарады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қалалық әкімдіктің Табиғи монополияларды реттеу департаменті таратқан мәліметте өткен 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымы қорытындысы бойынша тұтынушылар артық төлем жасағаны айтылады. Күн райының орташа температурасын есепке алған департамент жылу ақысын қайта есептеу туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не хат жолдаған.

Алайда жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін «Алматы жылу желілері» қайта есептеу қажеттілігі туралы шешімімен келіспеді. Осыған байланысты департамент «Алматы жылу желілерін» тұтынушыларға 49,4 млн теңге қайта есептеу міндетін орындауға мәжбүрлеу үшін сотқа талап-арыз жолдады. Соттардың шешімдерімен Департаменттің талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Осылайша, «Алматы жылу желілері» ЖШС күзгі-қысқы кезеңде температуралық режимді сақтамағаны үшін жылу үшін төлем тарифін төмендету арқылы тұтынушыларға жылумен жабдықтау құнын 49,4 млн теңгеге қайта есептеу туралы шешімді орындау қажет. Қайта есептеу мерзімі 2022 жылдың сәуір айының соңына дейін.