Алматыметроқұрылыс компаниясының акциясы сатылымға қойылды

487
Алматыметроқұрылыс
Фото: yandex.kz

Алматы. 26 қыркүйек. 7kun.kz — «Алматыметроқұрылыс» 60,7 пайыз үлесін аукционға қойды. Сауда 2017 жылдың 11 қазанына тағайындалды. Лоттың бастапқы бағасы — 2,6 млрд теңге, кепілдік жарна — 68 млн теңге.

Аукцион көтерме баға әдісімен өтеді. Invest Capital-дың бағамдауынша 2017 жылғы 25 шілдедегі үлесінің бағалау құны 2,6 млрд теңгені құрайды.

Алматы қаласы қаржы департаментінің деректері бойынша, компанияның 60,7 пайыз үлесі коммуналдық меншікте, қалған 39,3 пайызы — «Инженерлік қолдау» компанияларында. Сондай-ақ, 2017 жылы «Алматыметроқұрылыс» Сарыарқа – Достық желісін салу үшін 5,4 млрд теңгеге мемлекеттік тапсырыс алған.

Invest Capital — тәуелсіз бағалау компаниясы.

Мейірім Бақытжанова