Алматының қандай көшелері жол жөндеуге жабылады

31
2019
Фото: regnum.ru

Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz — 4 мамыр мен 5 мамыр аралығында сағат 23:30 — 06:00-де Гоголь көшесі жабылады. Бұл туралы kolesa.kz жазды.

Аталған көшенің жабылу себебі Мұқанов көшесінен Мұратбаев көшесіне дейінгі аралықта жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, Қарасай батыр көшесіндегі Байзақов көшесінен Мұқанов көшесіне дейінгі жол учаскесі 5 мамыр сағат 23:00-ден 6 мамыр сағат 06:00-ге дейін жабылады.

«Кептелісті болдырмау үшін Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын өз маршрутын алдын ала түзетулеріңізді сұраймыз»,- деді ақпарат агенттігі.