Америкалық валюта тәулік ішінде 1 долларға нығайды

валюта
Фото: de.sputniknews.com

Алматы. 27 желтоқсан. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11:00-де 379,94 теңгені құрады. 26 желтоқсандағы деректермен салыстырғанда (378,93 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 1,01 теңгеге әлсіреді.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 383,5 теңге, Алматыда — 382,5 теңге.

Ұлттық Банктің 27 желтоқсандағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 378,79 теңгені құрайды.