Англияда жергілікті дүкенді алып сауда автоматы ауыстырды (Видео)

574

Ұлыбританияның Дербишир графтығындағы Клифтон қалашығында жергілікті азық-түлік дүкенінің орнына алып сауда автоматы пайда болды деп жазады Mashable басылымы.

Сауда автоматында не керектің бәрі сатылады. Шағын пакетке салынған ботқадан бастап, сүт, жұмыртқа, нанға дейін салынған. Автоматты орнатқан Villagevending компаниясы Дербишир графтығына бұдан бөлек тағы төрт автомат орналастырған.