Apple-дің бас дизайнер қызметінен кетті

Apple
Фото: Hopop.ru

Алматы. 29 қараша. 7kun.kz — Apple компаниясының бас дизайнері Джони Айв ресми түрде қызметінен кетті. Ол туралы ақпарат Apple сайтындағы басшылық туралы беттен алынды.

Apple 2019 жылдың маусымында Айвтың компаниядан кету туралы шешімін жариялады. Ол кезде бас дизайнердің қашан нақты кететінін айтпады, тек жылдың аяғына дейін қызмет орнын босататынын хабарлады. Айвтың бұл шешімі LoveFrom дизайн студиясын ашумен байланысты. Apple компаниясы да бұл студияның клиенті болады.

Айта кетейік, Джони Айв Apple-да 1992 жылдан бері жұмыс істеді. Оның басшылығымен алюминий корпусында бірінші iMac, iPod, iPhone және Macbook дизайны әзірленді. Ол, сондай-ақ, IOS 7 интерфейсін жасап, 2019 жылы мамырда ашылған Apple Park жаңа кампусының жобасын дайындады.