Apple Калифорниядағы тұрғын үй дағдарысымен күреске 2,5 млрд доллар бөлді

63
Apple
Фото: newsroom.unfccc.int

Алматы. 5 қараша. 7kun.kz — Apple Калифорниядағы тұрғын үй дағдарысына қарсы тұруға 2,5 млрд доллар бөлді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

1 млрд доллар шағын және орта табысы төмен тұрғындар үшін штатта тұрғын үй салуға несие қоры ретінде бағытталған. Тағы 1 млрд доллар — азаматтарға алғашқы үй сатып алғанда ипотека алуға көмектесу ретінде.

Сонымен қатар, компания Сан-Хоседегі Apple-дің жер телімін тұрғын үй құрылысына беру үшін 300 миллион доллар жұмсайды, делінген хабарламада. Сан-Францискода және оның айналасындағы жаңа құрылыс жобаларын қолдау үшін үйсіздерге көмектесуге 150 және 50 миллион доллар қажет болады.

Айта кетейік, Apple компаниясының Калифорниядағы тұрғын үй дағдарысын шешуге бөлген қаражаты Facebook пен Google-дың ұқсас бастамаларынан айтарлықтай асып түседі.