Apple Қытайдағы дүкендерінің жұмысын тоқтату мерзімін тағы да ұзартты

27
Apple
Фото: newsroom.unfccc.int

Алматы. 10 ақпан. 7kun.kz — Америкалық Apple компаниясы коронавирус індетінің таралуына байланысты Қытайдағы өз дүкендерінің жұмысын тоқтату мерзімін ұзартты, деп жазды Bloomberg.

Бұған дейін Apple елдегі 42 дүкеннің жұмысын 10 ақпанға дейін тоқтатты. Компания 7 ақпанда дүкендердің жұмысын қайта бастауға дайындалып жатқанын хабарлады, бірақ нақты күнді атаған жоқ.

Apple веб-сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Қытайдағы дүкендердің көпшілігі осы аптаның соңына дейін жабылады. Компанияның хабарлауынша, дүкендер мен кеңселердің жұмысын жаңарту «денсаулық сақтау саласындағы сарапшылармен және мемлекеттік биліктермен мұқият консультациялардан» кейін жүзеге асырылады.

Айта кетейік, Apple-дің интернет-дүкені Қытайда қалыпты жұмысын жалғастырып жатыр.