Apple Ресейде «алма» тауарлық белгісін тіркеуге өтініш білдірді

Apple корпорациясы Интеллектуалды жекеменшік федералды қызметіне Ресейдегі  «Алма» тауарлық белгісін тіркеуге өтініш білдірді. Бұл туралы федералды қызметтің құжаттарына сілтеме жасап «Ведомости» хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, өтініш 8 қазан күні берілген.  Америкалық компания 5 санаттағы қызмет пен тауар үшін «алма» белгісін бекітпек. Нақтырақ айтқанда белгіні жоғарғы технологиялы компьютер тауарларына, электронды кітаптарға, МР3-плееріне және рентген аппараттарына орналастыруға ниет білдірді.

Сондай-ақ, «алма» атауы картондар мен қағаздарда, одан жасалған бұйымдарда жазылуы керек. Компания ғылыми техникалық қызметтерге және өздеріне қатысты зерттеу жұмыстарына да қызығушылық танытып отыр.

Ал Ресейдегі «Яблоко» партиясының төрағасы Сергей Митрохин партиямен аттас тауарлы белгінің тіркелуіне қарсылық білдірмейтіндігін жетізді. Оның сөзінше, Apple  партиялық үлгіні қолдана қоймасы анық. «Яблоко» партиясының белгісі сайлау кампаниясын өткізуде, полиграфияда, суреттерге, кино және видеофильм түсірде, сөмкелер мен қағаз қаптамалар тәрізді тауарларға таралады.