Apple Ресейге техника тасымалдауды тоқтатады

547
Apple Ресейге техника тасымалдауды тоқтатады

Ресейлік рубльдің доллар және евроға қатысты әлсіреуі елдегі техника сатылымының құлдырауына әкелді. Тек қана смартфондар мен планшеттер ғана емес, ресейліктер тұрмыстық техника мен кең қолданыстағы тауарларды алуды да төмендетті.

Рубль бағамының төмендеуін Apple да сезінді. Соңғы уақыттан бері жылдам өсіп келе жатқан нарық өзінің жоғары көрсеткіштерін жоғалтып алды. Енді адамдар тек  техникада ғана емес,оған деген  аксессуарлар мен перифериде де үнемдеуде. Apple техникаларын сататын Ресейлік сауда айтарлықтай қауіпте қалды және компанияның жағдайды түзеу үшін шешім қабылдауына тура келді.

img5

Apple  техникаларын Ресейге ресми жеткізушілердің бірі ағымдағы жылдың ақпан айының ортасынан бастап компания Ресей аймақтарында жұмыс істейтін дистрибьюторларға тауар жеткізуді тоқтататынын айтты. Толықтай дағдарыс есебі қолда жоқ, дегенмен бұл тізімге Мәскеу мен Санкт-Петербург кірмеуі мүмкін. Бұл қалаларда  Apple өнімдері сөреде тұрып қалмайды.

Дереккөз хабарлағандай, техника сатылымы бірден бірнеше аймақта тоқтап қалды. Ең әлсіз позицияда дәл қазір Apple компьютерлері мен планшеттері тұр. Соңғы уақытта компьютерлер айтарлықтай қымбаттады. Мысалы, MacBook Pro  Apple-дің ресейлік онлайн-дүкендерінде 100 мың рубль тұрады. Кейбір аймақтарда техника бағасының жылдам өсуіне байланысты сатылым ең төменгі көрсеткішке түсіп кетті.  Бұл да техника жөнелтілімінің уақытша тоқтауына себеп болуы мүмкін.