Apple жасанды интеллект жасайтын стартап сатып алды

1195
Фото: telecomlead.com

АҚШ. 7kun.kz. 8 тамыз — Apple компаниясы жасанды интеллект құрастырумен айналысатын Turi стартапын сатып алды. Компания сайтында «Жобаның негізгі идеясы — тұтынушының қалауын бірден анықтау», — деп жазылған. Алдын ала берілген деректер бойынша, келісім құны шамамен 200 млн долларды құраған.

Сонымен қатар, стартап көмегімен тұтынушының таңдауын бақылап, алаяқтықты анықтауға және тұрақты қолданушыларды табуға болады. Turі алгоритмдері «машиналы оқыту» негізінде жасалған. Инсайдерлік ақпарат бойынша, бұл технология Siri көмекшісінің даусы арқылы компьютер мен адам байланысының жаңа жолдарын аша алады.

Bloomberg-тің жазуынша, бұл келісім — Google, Facebook және Amazon арасындағы жасанды интеллектіні қолдану арқылы тұтынушы қалауын анықтап алға шығу мақсатымен болып жатқан бәсекенің бір бөлшегі.