Апта қорытындысы

743

Алматы. 15 шілде. 7kun.kz – Әр апта сайын елімізде маңызды жаңалықтар орын алады. 7kun.kz  тілшілері сіздер үшін аптаның ең өзекті жаңалықтарын сараптап, назарларыңызға ұсынады. 18 — 22 шілде аралығында мынандай маңызды оқиғалар болды.

Дүйсенбі 18 шілдеде долларға қатысты ұлттық валюта курсы 338,95 теңге деген көрсеткішпен бастады. Ақша айырбастау орындарында 18 шілдедегі доллардың жоғарғы курсы — 342 теңге болды.

Апта басында еліміздегі мегаполис Алматыда атыс болды. Белгісіз біреу Алмалы ауданының ішкі істер басқармасы ғимаратының жанында полицейлерге қарсы оқ атты. Кейінірек оның осыған дейін сотты болған, 26 жасар Қызылорда облысының тұрғыны екені анықталды. Қазір тергеу ісі жалғасып жатыр. Атыстан кейін 5 полиция қызметкері, 1 бейбіт тұрғын қайтыс болды.

Төтенше жағдай кезінде қалада антитеррорлық операция жүріп, террорлық қауіптің «ең жоғары» деңгейі жарияланды. Операция кезінде шабуылдаушының жанындағы сыбайласы тұтқындалды, кейінірек оның тек жалғыз әрекет еткені анықталды. Операция аяқталғаннан кейін террорлық қауіптің «қызыл деңгейі» алынып тасталды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің оперативті отырысын жинап, атысқа «теракт» деген баға берді. Мемлекет басшысы қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің туыстарына көңіл айтып, мемлекеттік органдарға оларға қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Алматыдағы атыс туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Сейсенбі 19 маусымда Алматыдағы атыс туралы кеңінен белгілі болды. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов полицейлерге шабуыл жасаған адамның барлық әрекетіне 24 минут уақыт кеткенін хабарлады. Ол шабуыл жасаған Руслан Құлықбаевты қамауға алған полицейлердің әрекеті үшін еш ұялмайтындығын атап өте отырып, жағдайдың толық картинасын баяндап берді. Оның айтуынша, Алматыда полицейлерге шабуылдаған адам құзырлы органдардан кек алмақ болған.

Астана қаласы шкі істер департаментінің хабарлауынша, Астана қаласының полицейлері бір күндік жалақыларын Алматыда қаза болған әріптестерінің отбасыларына аударады. Сондай-ақ Алматы қаласындағы полииция гарнизонының қызметкерлері де бір күндік жалақыларын мерт болғандардың отбасына аударады.

Сәрсенбі 20 шілдеде Қазақстанда экстремизм үшін жауапкершілікті күшейту ұсынылды. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы Владимир Жұмақановтың хабарлауынша, экстремистік және террористік қылмыстарға жауапкершілікті күшейтуді қарастыратын заң жобасы дайындалды. ҰҚК төрағасының айтуынша, үкімет қарауына ұсынылған түзетулер экстремизм және терроризм үшін жазаға мүлікті тәркілеуді міндетті шара ретінде енгізуді қарастырады.

Қоғамдағы өзге де жаңалықтар туралы. Коррупция мемлекетке 29 млрд теңге шығын келтірген. Мемлекеттік қызмет істері бойынша министрліктегі Коррупциямен қарсы күрес бойынша ұлттық бюроның төрағасы Талғат Татубаевтың сөзінше, осы жылдың бірінші жартыжылдығында антикоррупциялық қызмет 1,5 мыңнан астам коррупциялық қылмыс анықтаған. Мемлекетке келген 29 млрд теңге шығынның 8 млрд теңгесі қайтарылды.

Астана әуежайына 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Әуежайға тексеру жүргізген кезде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылғаны анықталды. Мәселе қоғамдық тамақтану қызметін көрсететін  және тамақ өнімдерінің  бөлшек саудасын іске асыратын нарық субъектілерінің баға қоюына байланысты болып тұр.

Киевте танымал журналист Павел Шеремет қайтыс болды. Машина Богдан Хмельницкий және Иван Франко көшелерінің қиылысында жарылған. Көлік «Украинская правда» порталының иесіне тиесілі деген болжам бар. Ел президенті Петр Порошенко істі өз бақылауына алатындығын жеткізді.

Бейсенбі 21 шілдеде Қазақстанның сыртқы қарызы 531,5 млн долларға артып, 154 млрд долларға жетті. Бұл 2016 жылдың қаңтар – наурыз айларындағы есеп бойынша көрсеткіш. Экономика қиын кезеңдерді өткеріп отырған сәтте қарыздың ЖІӨ-ге қатысты үлесі 92,3 пайызды құраған, бұл көрсеткіш өткен жылы 83,2 пайыз еді.

Қазақстанда баспананың доллардағы бағасы екі жылда екі есе арзандаған деп жазады forbes.kz сайты. Одан бөлек, 2016 жылдың маусымында нарықта қайтара сатылған үйлердің доллардағы бағасы біршама арзандады. Оның ішінде, Қарағандыда – 5,5 пайыз, Астанада – 4,4 пайызға, Алматыда 3,6 пайызға арзандаған.

Жұма 22 шілде жұмыс аптасының соңын доллар бағамы 341,55 теңгемен аяқтады. Ақша айырбастау орындарында 22 шілдедегі доллардың жоғарғы курсы — 344,5 теңге болды.

Назарбаев Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижесін ұсынуды тапсырды. Кездесу барысында К.Мәсімов Нұрсұлтан Назарбаевқа ел дамуының негізгі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштері, басты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, сондай-ақ Жер реформасы жөніндегі комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндады.

Италиялық Паоло Ричиотти «Астана халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Азаматтық авиация саласындағы қызметі кезінде Ричиотти өзін халықаралық кластағы жоғарғы білікті маман ретінде танытқан. Айта кетейік, компанияның бұрынғы басшысы Қайрат Жауханов өткен жылы тамыз айында өз қалауымен қызметінен кеткен болатын.