Аптаны доллар 339 теңге деген курспен бастады

354
Фото: mln.kz

Алматы. 22 тамыз. 7kun.kz — 22 тамыздағы таңғы сессия қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы — 338,66 теңге. Бұл туралы Қазақстан  қор  биржасының  (KASE)  ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 338 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 340 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 338,85 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 161 млн 600 мың доллар. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 22.

 

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Ақша айырбастау орындарында 22 тамызда доллардың жоғарғы курсы (Алматы уақытымен – 11:00) Алматыда 341 теңгені құрады.