Алматы. 13 мамыр. 7kun.kz – Ақмола облысында 2019 жылдың шілдесінде бидайдың қатты сорттарын өңдеу зауытын іске қосу жоспарлануда.
Облыстық әкімдіктің ақпараты бойынша, кәсіпорында 30 жұмыс орны ашылады.
«Agrimer-Astyk осы жазда макарон өнімдерін дайындау үшін бидайдың қатты сорттарын өңдеу зауытын іске қосуды жоспарлап отыр. Инвестиция сомасы 2,5 млрд теңгені құрайды», — деп түсіндірді ведомствода.
Зауытта күніне 200 тонна қатты бидай сорты өңделеді. Дайын өнімді Ресей мен Еуропа елдерінде өткізу жоспарланып отыр.