АҚШ Huawei компаниясын қара тізімге енгізді

Huawei
Фото: kfund-media.com

Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz – Huawei компаниясына АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі және саяси мүддесіне қайшы келетін іспен айналысты деген айып тағылуда, — деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Бүгінгі күнде Huawei компаниясы мен оның 67 филиалы АҚШ-тың қара тізіміне енгізілді.

АҚШ Huawei-ді америкалық санкцияларға қарамастан Иранға қаржылық қызметтерді ұсынды және АҚШ-тың технологияларын Вашингтонның мүддесіне қайшы пайдаланды деп айып тақты.

Қытай компаниясының өкілдері қандай да бір заң бұзушылықтың болғанын теріске шығаруда.

«Бұл бірлесіп бизнес жүргізіп отырған америкалық компанияларға зор экономикалық шығын әкеледі, ондаған мың жұмыс орнын жауып, қазіргі ынтымақтастығымыз бен өзара сенімімізге нұқсан келтіреді», – делінген мәлімдемеде.