АҚШ конгресі каникулға кетеді, импичмент мәселесі келесі жылға қалады

44
Дональд
Фото: topwar.ru

АҚШ Президент Дональд Трампқа импичмент жариялау мәселесі тығырыққа тірелді, Конгресс каникулға кетеді. Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Енді импичменттің ары қарай қалай жалғасатыны, қашан қаралатыны, Сенатта кімнің куәгер ретінде сөйлейтіні белгісіз.

Айта кетейік, демократтар 24 қыркүйекте Трампқа сенімсіздік білдіру мәселесін көтерген еді. Оған себеп – Трамптың 25 шілдеде  Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесуі кезінде экс-вице-президент Джо Байден мен ұлы Хантерге қатысты тергеу бастауды сұрағаны . Трамп сондай-ақ 2016 жылы АҚШ-тағы сайлауға Украина аумағынан ықпал ету мүмкіндігі мәселесін де етксеруді сұраған.