АҚШ Конгресі Трампты тергеуді бастайды

194
импичмент
Фото: ktovkurse.com

Алматы. 25 қыркүйек. 7kun.kz — АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы президент Дональд Трамптың импичмент рәсімін бастайды. Бұл туралы Палата спикері демократ Нэнси Пелоси мәлімдеді.

«Соңғы бірнеше ай ішінде өкілдер палатасы барлық тиісті фактілерді жинап, мәселені қарастырып, 1-бапқа сәйкес өз өкілеттігін, атап айтқанда, импичментті қабылдаудың конституциялық құқығын пайдалана алуы үшін комитеттеріміз мен соттарда тергеу жүргіздік» , — деді Пелоси.

Оның айтуынша, осы аптада Трамп Украина президентінен өзіне саяси пайда әкелетін шаралар қабылдауды сұрағанын мойындаған.

«Мен бүгін өкілдер палатасы импичмент ресми тергеуін бастайтынын жариялаймын», — деді спикер арнайы үндеу барысында.

Пелосидің пікірінше, Ақ үй басшысының әрекеті оның «президенттікке, ұлттық қауіпсіздікке және сайлаудың тұтастығына опасыздық жасағанын» көрсетеді.

Трампқа Зелинскиймен әңгіме барысында АҚШ президенттігіне кандидат Джо Байденнің ұлы — Хантер Байденге қатысты тергеуді бастауды талап етті деген айып тағылған. Палата өкілдері мұны «сайлаудың тұтастығын бұзу» деп санайды.

Өз кезегінде Трамп өзінің ықтимал импичменті туралы мәлімдемелерге оң көзқараспен қарамады және оны «қорлау» деп атады.

«Олар тіпті қоңыраудың стенограммасын көрмеген», — деп жазды ол Twitter-де.

Айта кетейік, бұған дейін Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен болған әңгімеге стенограммасын жариялауға рұқсат берген.

Осылайша, америкалық көшбасшы 25 қыркүйекте саясаткерлердің шілде айындағы телефон арқылы сөйлесуінің редакцияланбаған толық нұсқасы жария етілетінін мәлімдеді.