АҚШ министрлігі: Биыл Қазақстанда астық көлемі азаюы мүмкін

31
Қазақстан
Фото: TILSHI.KZ

Алматы. 13 тамыз. 7kun.kz – АҚШ-тың ауылшаруашылығы министрлігі Қазақстандағы астық көлеміне болжамды 13 млн тоннаға дейін азайтты.  Шілде айындағы болжам көлемі – 14 млн тонна еді.

Министрлік астықтың экспорты көлемін де 6,5 млн тоннаға азайтты. Шілде айында 7,5 млн тонна деп болжаған еді. Импортты  өзгеріссіз, 60 мың тонна көлемінде қалдырды.

Ал Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі 2019 жылғы астық көлемін былтырғыдай 20,3 млн тонна көлемінде деп болжап отыр.               

2018 жылы астық көлемі 22,8 млн тонна, таза салмағы – 20,3 млн тонна болған еді.