АҚШ пен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 37%-ға өсті

18
Қазақстан
Фото: today.kz

Алматы. 29 мамыр. 7kun.kz — 2018 жылы АҚШ пен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 37%-ға өсіп, 2,24 млрд долларды құрады. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Парламент сенатының спикері Дариға Назарбаевамен кездесуі барысында хабарлады.


Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық талқыланды. Сондай-ақ, сауда-экономикалық, оның ішінде шикізаттық емес сектордағы ынтымақтастықтың келешегіне қатысты мәселелер қаралды.

«Өткен жылы біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 37 пайызға өсіп, 2,24 млрд.долларды құрады. Бұл ретте Қазақстанның АҚШ-қа экспорты 2,5 есеге өсті. Біз осы жетістіктерді мақтан тұтамыз», — деді Уильям Мозер.

Сондай-ақ АҚШ елшісінің айтуынша, америкалық компаниялар ет өнімдері, ЕАЭО және Қытай нарығына экспорттау жөніндегі бірлескен жобаларға қатысуға ниетті.