АҚШ тұрғындарының төрттен бірінің зейнетақы жинағы жоқ

53
Қазақстанда
Фото: express-k.kz

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz — Көптеген америкалық үй шаруашылығы бұрынғысынша ауыр қаржылық жағдайда, еңбек нарығындағы жағдайдың жақсаруына және жалақының өсуіне қарамастан, зейнетке шығу үшін қаражат жинақтауда қиындықтар кездесуде. Бұл мәліметтерді АҚШ-ның Федералдық резервтік жүйесі (ФРЖ) зерттеуі куәландырады.

2018 жылдың қазан-қараша айларында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша, АҚШ-тың жұмыс істейтін тұрғындарының төрттен бір бөлігінің ешқандай зейнетақы жинақтары жоқ. 18-ден 29 жасқа дейінгі жастар арасында 42%-ы жинақтың жоқтығы туралы хабарлады, тек 29%-ы ғана тиісті түрде зейнетақыға ие екенін жеткізді.

Бірқатар үй шаруашылықтары күнделікті шығындарды әрең төлейді — респонденттердің 17%-ы сауалнамаға жауап берген айдағы барлық шоттарын төлей алмайтындарын айтты. Көп жағдайда бұл тек ішінара төлем төлеу, ипотека, несие картасы бойынша шоттар немесе коммуналдық қызметтер.

Шамамен ересек америкалықтардың төрттен бір бөлігіне 2018 жылы шығындарды төлеу мүмкіндігі болмағандықтан қажетті медициналық көмектен бас тартуға тура келді. Ал шамамен 40%-ы күтпеген медициналық қызметтер үшін шоттар бойынша берешегі бар екенін хабарлады.

Шұғыл шығын үшін қосымша 400 доллар таба аласыз ба деген сұраққа, 61% АҚШ тұрғыны қолма-қол ақшамен, жинаған ақшасынан немесе несие картасынан алып, сондай-ақ бөліп төлейтінін мәлімдеді. 27%-ы ақшаны қарызға алады немесе бір нәрсены сататынын айтты. Респонденттердің шамамен 12% — ы бұл соманы төлей алмайтынын атап өтті.

АҚШ Орталық Банкі 2013 жылдан бастап америкалық үй шаруашылықтарының әл-ауқатын жыл сайын зерттеуді жүргізеді. Соңғы алты жылдағы нәтижелер экономикалық жағдайдың тұрақты жақсарғанын көрсетеді,деп жазады The Wall Street Journal газеті.

Алайда, үй шаруашылықтарының айтарлықтай үлесі бұрынғысынша қандай да бір түрдегі қаржылық осалдығы туралы хабарлағандығы, соңғы онжылдықта болған экономикадағы өзгерістер көптеген отбасыларға жалақыдан жалақыға дейін өмір сүруді тоқтатуға мүмкіндік беру үшін жеткіліксіз екендігін дәлелдеуі мүмкін.

Дегенмен, америкалықтар зерттеу деректері бойынша өзінің ағымдағы қаржылық жағдайын оңтайлы бағалайды. 2018 жылы АҚШ-тың жұмыс істейтін тұрғындарының төрттен үш бөлігі «қолайлы жағдайда өмір сүреді» (34%) немесе олардың қаржылық жоспардағы «бәрі тәртіппен» (41%) екенін хабарлады. Бұл 2017 жылғы нәтижелерге ұқсас және 2013 жылға қарағанда 12 пайыздық тармаққа артық. Қалғандары «бірді бірге жалғайды» (18%) немесе «қаржылық қиындықтарды бастан кешіреді» (7%).

Айта кетейік, 23 мамырда ФРЖ сайтында жарияланған сауалнамаға 11 мыңға жуық адам қатысты.