Ақсүйектер аймағы: Ерлерге арналған брендтер

1022
бренд

Біреулер тойып секіреді, енді бірі тоңып секіреді. Кей адамдардың үстіндегі киімдері сенің жылдық табысыңнан да асып түсіп жатады. Мәселен, өткенде желіде талқыға түскен 5 миллион теңгелік түбіртекті алыңыз. Шұлықтан бастап халат бағаларын көріп, таң қалмасқа амалыңыз жоқ. Ерлерге арналған қымбат брендтердің жетілігін 7kun.kz назарларыңызға ұсынады.

№7. Berluti

aaf7f10d6665aa6d16f7ecbd3458cb90Өте жоғары сапалы, «люкс» классты теріден жасалған киім мен аксессуарлар жасайтын еуропалық компания. Бұл брендтің негізін қалаушы — итальяндық шебер Алессандро Берлути.

Berluti аяқ-киімдері Venezia атты теріден қолмен тігіледі. Бұл аяқ-киімдердің бағасы орта есеппен 2 мың доллар тұрады. Тұтынушыларының ішінде миллиардер Бернар Арно, Ресейдің экс-президенті Дмитрий Медведев, актерлер Роберт де Ниро мен Ален Делон бар. Бұрындары Джон Кеннеди, Ив Сен Лоран, Фрэнк Синатра, Энди Уорхол сынды тұлғалар да осы брендтің тұрақты клиенттері болған. Осы марканың «фанаттары» құрған Swann  деген клуб та құрылған. Мүшелері жылына бір рет жиылады. Дресс-кодтың міндетті элементі — Berluti аяқ-киімі. Қалыптасқан дәстүр бойынша қонақтар өздерінің қымбат аяқ-киімдерін үстелге қойып, ішіне Dom Perignon аққайнарын құятын көрінеді. Артық қыламын деп тыртық қылу деп ойламайсыз ба?

№6. Brioni

fd67c9ddd49a1fac82972403411ff0afЕрлерге арналған киім шығаратын бүгінгі таңдағы ең қымбат марка. Бренд 1945 жылы Римде құрылған. Негізін қалаушылар — тігінші Назарено Фонтиколи мен саудагер Гаэтано Савини. 60 жылдай уақыттан бері Brioni костюмдері саясаткерлер, бизнесмендер мен актерлер арасында кеңінен танымал болып келеді.

Барлық костюмдер қолдан тігіледі. Орташа құны — 5 мың доллар. Тұтынушыларының ішінде Нельсон Мандела, Кофи Аннан, Майкл Дуглас, кіші Джордж Буш, Аль Пачино, Ричард Гир, Пирс Броснан, Дэниел Крейг, Владимир Путин мен Виктор Янукович бар.

№5. Atelier Yozu

f7ddb87ff94dc8fde424fb025a336145Әлемдегі ең қымбат ілмектер (запонка) шығаратын зергерлік үй. Аксессуарларының бағасы —  9,2 мың доллар. 18 караттық ақ және сары алтыннан, платинадан, мамонт азуынан әшекейлер жасалады.

№4. Eton

929d85069132e1c09ed05924a5b657fcЕрлерге арналған жейделер тігетін белгілі швед бренді. Компанияның 80 жылдық мерейтойына орай ең қымбат көйлек шығарып, 45 мың долларға сатылған. Әдеттегі классика жейде, бірақ өте қымбат египет мақтасынан тігілген. Ал ілгектері мен ілмектері түрлі-түсті бриллианттармен көмкерілген. Тұрақты клиенттерінің бірі — Швеция королі.

№3. Billionaire Italian Couture

7947103550bbf5dc02b99c2e79484525Тек қана ерлерге арналған сәндә киімдер бренді. Негізін қалаған — танымал бизнесмен Флавио Бриаторе. Billionaire Italian Couture компаниясы 2005 жылы құрылған. Барлық киімдер қолдан тігіледі. Яғни, өте аз данамен шығарылады.

Маталарының сапасы өте жоғары. Қолданылатын қосымша материалдарының ішінде табиғи тастар, терінің сирек кездесетін түрлері, қымбат металлдар. Бұл брендтің бір ерекшелігі — қолтырауын терісінен жасалатын ерлер қолшатырын шығарады. Бағасы — 50 мың доллар.

№2. Pietro Baldini

132fc906a9de7f8d6ee47837af1ca8f8Галстуктер мен қол орамалдар шығаратын неміс бренді. Бұл акссесуарлар да қолдан жасалады. Әр тұтынушының талғамына орай тігіледі. Бағасы — 250 доллар.

Pietro Baldini-дің ең қымбат галстугі 130 мың доллар тұрады. Италия жібегінен жеті қатпарлап арнайы технологиямен тігіледі. 4-караттық Top Welton бриллианты да құнын арттырып тұр. Бриллиантының салмағы азын алсаңыз, әрине бағасы да арзандайды. Ең арзаны — 0,01 караттық бриллианты бар түрі. Оның құны — 10,5 мың доллар.

№1. Patek Philippe

3ebadf35fafa4ce3a8941df304ab6068Ақсүйектерге ғана қолжетімді сағаттар жасайтын швейцар бренді. Компанияны 1839 жылы эмигрант-поляк Антони Патек пен француз сағат шебері Адриен Филипп екеуі бірлесіп құрған. Әлемдегі ең қымбат сағаттар осы брендтке тиесілі. Мысалы, Patek Phillipe’s Supercomplication моделінің бағасы — 24 млн доллар тұрады.

Негізінен сағаттары бағасы 10 мың доллардан басталады. Украин саясаткерлері бірінен-бірі көргендіктен бе, тұрақты клиенттері болып алған. Соның ішінде — Сергей Тигипко, Леонид Черновецкий, Леонид Кучма бар. Владимир Путин мен Александр Лукашенконың сүйікті бренді осы.