Ақтауда пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды

18
Фото: apartrepair.ru

Алматы. 21 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылғы 21 қыркүйекте Ақтауда «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа пәтерлер кілттерін тапсырудың салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі   — Ералы Тоғжанов, Ақтау қаласының әкімі — Ғалымжан Ниязов және «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары — Руслан Кәкім қатысты, деп хабарлайды «ҚИК» баспасөз-қызметі.

«Нұрлы жер» бағдарламасының «Сатып алумен жалға беру» бағыты аясында жаңадан салынған көп қабатты 32 а ықшамауданында жалпы ауданы — 26 122,4 ш.м. пәтер таза әрлеуде пайдалануға берілді.

Ақтауда бағытты жүзеге асыру басталғаннан бері және қазіргі кезде жалпы ауданы 56 664,9 шаршы метрді құрайтын жалға берілетін тұрғын үйдің 986 пәтері пайдалануға берілді.