Ақтаулық тұрғын такси қызметі үшін ақыны қантпен төлемек болды

Ақтау. 13 шілде. 7kun.kz – Ақтау тұрғындары қантпен байланысты әлеуметтік эксперимент жүргізді. Вайнер әрі блогер Қазақ Жауат таксиге ақшаның орынна бір келі қант төлемек болды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Блогер жолда такси ұстап, такси жүргізушілерінен оны 500-ден 1000 теңгеге дейін бағалаған қашықтыққа жеткізуді сұраған. Жас жігіт әр жүргізушіден «Химикке» дейін жеткізуін сұрап, баға келісіміне келгенде: «Ақша жоқ, үйден бір келі қант алып шықтым, қазір 1200 теңге тұрады. Жеткізіп бересіз бе?», деп айтқан.

Блогер жеті көлікті тоқтатып, оның ішінде төртеуі төлем ретінде қантты алудан үзілді-кесілді бас тартса, бір жүргізуші жас жігітті тегін жеткізуді ұсынған, тағы екеуі тапшы тауардың 1 келісіне қызмет көрсетуге келісті. Көмектескісі келгендерге блогер эксперимент туралы айтып, қантты сыйлады.

Блогер әлеуметтік эксперимент идеясын өткен ғасырдың 80-90 жылдарындағыдай қазақстандықтардың айырбас арқылы төлем алуға дайындықтарын анықтағысы келгендігімен түсіндірді.