Ақтөбеде көліктердің бетпе-бет соқтығысуынан бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға түсті

Ақтөбе. 26 қазан. 7kun.kz Ақтөбеде екі көліктің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды 7kun.kz.

«25 қазанда сағат 20.00 шамасында LADA Priora көлігінің 29 жастағы жүргізушісі Оңтүстік айналма тас жолымен Заречный айналма жағынан Жиенбаев көшесіне қарай келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, 37 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны басқарған Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан LADA Priora көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Chevrolet cobalt автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы Ақтөбе қаласының облыстық ауруханасына жатқызылды.