«Ақылды қалалардың» құны 189,5 млрд долларға жетеді

ақылды қала
Фото: proxera.net

Алматы. 27 маусым. 7kun.kz – 2023 жылы «ақылды қала» технологиясына жұмсалған шығындар 189,5 миллиард долларды құрайды, — деп жазады IDC зерттеу компаниясының болжамында. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан хабарлады.

Шығыстардың негізгі санаттары энергетика және инфрақұрылым саласындағы жобалар, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жаңа технологияларды пайдалана отырып, көлік желісін дамыту болады, деп пайымдайды компания сарапшылары. Бұл санаттарға барлық инвестициялардың жартысынан астамы келеді.

Инновациялық технологияларға Сингапур белсенді түрде инвестиция салады, мұнда Virtual Singapore бағдарламасы жүзеге асырылады. Шығындардың жалпы көлемі бойынша екінші орында Нью-Йорк, бестікке Токио, Лондон, Пекин және Шанхай кіреді (соңғы екі қаланың көрсеткіштері бірдей).

2020 жылға қарай бұл қалаларда шығындар жылына 1 млрд доллардан асады деп күтілуде.