Қарағанды қаласында алғашқы «ақылды» аялдама пайда болды

Қарағанды. 7 шілде. 7kun.kz — Қарағанды қаласында алғашқы «ақылды» аялдама пайда болды. Әзірге аталған аялдамалар темір жол вокзалының маңайындағы 45-орамға орналастырылды. Бұл жөнінде nv.kz жазады.

«Ақылды» аялдама дегеніміз — электронды тақтайшасы бар аялдама. Ол тақтайшада автобустың нөмірі және қанша уақыттан соң келетіні туралы ақпарат көрсетіліп тұрады. Мұндай аялдама қалада тек бір жерде ғана бар.

Осыған дейін Қарағанды билігі көшеге «ақылды» аялдама орнатуды қолға алғандығы белгілі болған еді. Ауа райын талғамайтын және автобустар кестесін көрсететін мониторды сатып алуға жергілікті бюджеттен 10,5 миллион теңге бөлінеді деп жоспарланған.