«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг.» компаниясы жариялады

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг.» компаниясы жариялады

2014 жылы  «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) компаниясы қалыпты және қалыпты емес көмірсутектің, газ бен отынды газдың  рекордты көлемін өндірді. Жалпы мөлшері мұнай эквивалентімен есептегенде 142,5 миллион баррельге құрайды.

ҚПО бас директоры Дамиано Ратти: «Дәл қазіргі кезде компанияның серіктестері арқылы Қарашығанақ кен орнына 19,1 миллиард АҚШ доллар көлемінде инвестиция жұмсалды.  Ал ҚР-ның бюджетіне тікелей 12,6 миллиард АҚШ доллары көлемінде  қаржы жіберілді», — деп атап өтті.

Қарашығанақ   Қазақстандағы пайдаланылуы жөнінен ең ірі және күрделі кен орын болып табылады.  Дәл қазіргі кезде  Қарашығанақ кен орнында  95 өндіруші және 17 айдамалау ұңғымалары пайдаланылуда, ал барлығы жалпы 395 ұңғыма бар.

«ҚПО кен орнын өндіру кезінде ең алдыңғы қатарлы технологиялар пайдаланылуда», —  деді Дамиано Ратти.

ҚПО өндірісіндегі  және оның қосалқы ұйымдарындағы негізгі ұстанымдардың негізі —  әр қызметкердің техника қауіпсізгі үшін жауапкершілікте болуында.  Нәтижесінде, 2014 жылы өндірістік жарақат жиілігі  бір миллион сағат жұмыс істеген адамға 0,27-ге дейін төмендетілді, бұл өткен жылғымен салыстырғанда қауіпсіздік жағдайының әлдеқайда жақсарғанын білдіреді.